Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

Ұлттық аккредиттеу сарапшысына талаптар

Сарапшыларды дайындауға қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласыңыз:

Аккредиттеу орталығы сыртқы кешенді бағалауды келесі талаптарға сәйкес келетін мамандарды тарта отырып жүргізеді:

1. Сарапшы-дәрігерді таңдау критерийлері:

  • жоғары медициналық білім;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі.

2. Сарапшы-мейірбикені таңдау критерийлері:

  • мейірбике ісі бойынша арнаулы орта немесе жоғары медициналық білім;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі.

3. Сарапшы-әкімшіні таңдау критерийлері:

  • жоғары арнаулы білім;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі.
 

Бағдарлама талаптары

  • Оқыту бағдарламасын бастамас бұрын, медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарымен танысу қажет
  • Оқуға қатысуға өтінім беру кезінде бастапқы білімді тексеру үшін тест тапсыру қажет. Тек шекті балл жинаған жағдайда (15 сұрақтан 10) үміткер оқуға шақырылады.
  • Қорытынды тестілеуге өту үшін оқу бағдарламасына 100% қатысу қажет
  • Сарапшы болу үшін сізге Аккредиттеу орталығы ұсынатын 60 сағаттық оқуды аяқтау қажет. Содан кейін байқаушы (тағылымдамашы-сарапшы) ретінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу процессіне қатысу қажет
 

Күтілетін соңғы нәтижелер:

  • тыңдаушылардың денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаттарын қолдану бойынша білім алуы;
  • медициналық ұйымдарды аккредиттеу (сыртқы кешенді бағалау) үшін қажетті сарапшы дағдыларын игеру;
  • Медициналық ұйымдарды аккредиттеу кезінде қажетті әдістер мен құралдарды қолдану;
  • өзін-өзі бағалауды жүргізу үшін медициналық ұйымдарды дайындау әдістемесін білу;
  • аккредиттеу жүргізу кезінде ақпараттық жүйені (СУКМУ) білу және дұрыс пайдалану;
  • әлемдегі медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы негізгі үрдістерді білу;
  • медициналық ұйымдарда аккредиттеу стандарттарының орындалуын бағалауды өткізу үшін аккредиттеу сарапшысы болу.

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ