Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

БІЗ ТУРАЛЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ АККРЕДИТТЕУ

Денсаулық сақтаудағы сапа бойынша аккредиттеу орталығы (заңды тұлға “ACCREDITATION CENTER FOR QUALITY IN HEALTHCARE” (ACQH)” қоғамдық бірлестігі) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен аккредиттелген медициналық ұйымдарды аккредиттеуші орган болып табылады

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы аккредиттеу стандарттары мен рәсімдерінің бас әзірлеушісі, сондай-ақ сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын даярлауды жүзеге асыратын орган болып табылады

МИССИЯ

«Пациенттердің қауіпсіздігін және медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» 

ПАЙЫМ

«Аккредиттеуші орган – пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы үздік әлемдік практикаларды енгізу орталығы» 

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

❖ Мінсіздікке талпыну
❖ Командалық жұмыс, серіктестік
❖ Кәсіпқойлық
❖ Ашықтық

❖ Объективтілік
❖ Қоғамға пайда

МЕМЛЕКЕТТІК ФУНКЦИЯ

2019 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасын және “Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ДСДРО) стратегиялық жоспарын іске асыру шеңберінде медициналық ұйымдарды аккредиттеу функциясын кезең – кезеңімен мемлекеттік емес секторға бөлудің үшінші (соңғы) фазасы аяқталды.

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 252 НҚ бұйрығына сәйкесДенсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылардың және кеңесшілердің қоғамдық бірлестігі”  (бұдан әрі – Бірлестік) уәкілетті органмен (ҚР ДСМ ТҚСҚБК) аккредиттеуші орган ретінде ҚР ДСМ сапа жөніндегі біріккен комиссиясының 2019 жылғы 17 қазандағы №75 хаттамалық шешімі негізінде аккредиттелді

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАНУ

Бірлестік ТМД аумағында аккредиттеуші орган ретінде денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғам (бұдан әрі – ISQua) аккредиттеген алғашқы ұйым болып табылады. Бұл ISQua сертификаты Бірлестіктің ішкі және сыртқы процестері ең жоғары деңгейге сәйкес келетіндігін көрсетеді

Аккредиттеу стандарттары және Бірлестіктің сарапшыларын даярлау бойынша оқу бағдарламасы да ISQua-мен аккредиттелген, бұл стандарттардың және сыртқы кешенді бағалауды жүргізетін сарапшылардың жоғары деңгейін көрсетеді

Денсаулық сақтау саласындағы жоғары сапа органының (ISQua) куәліктері
САРАПШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Бірлестік мүшелері мен штаттық қызметкерлер аккредиттеу саласында сертификатталған мамандар болып табылады, олар төменде көрсетілген халықаралық ұйымдарда оқыған

  • ДДҰ (World Health Organization)
  • UNICEF (United Nations International Children’s Emergency Fund) 
  • ISQua (International Society for Quality in Health Care) 
  • JCI (Joint Commission International) 
  • AC (Accreditation Canada)
  • AGI (American Gulf International), 
  • AIHQ (American Institute for Healthcare Quality)
  • CSIH (Canadian Society for international Health)

Сондай-ақ, бірлестік мүшелері мен штаттық қызметкерлердің халықаралық деңгейде консалтинг және аудит жүргізу тәжірибесі бар және денсаулық сақтаудағы сапа саласындағы халықаралық қоғамдастық  International Society for Quality in Health Care мақұлдаған Ұлттық аккредиттеу стандарттарының әзірлеушілері болып табылады

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ