Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

2023 жылғы 14-16 ақпанда Аккредиттеу орталығы Моңғол Халық Республикасының медициналық ұйымдарының басшылары үшін «Ауруханадағы медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі» тақырыбында үш күндік оқу циклін өткізді.
Тренинг барысында бүгінгі таңда тәуелсіз және халықаралық платформада жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі туралы да презентация жасалды. 14 жыл ішінде Қазақстанда үздік аккредиттеу орталықтарына қойылатын барлық әлемдік талаптарға сай келетін сарапшылар пулы дайындалды.
Стратегия және аккредиттеуді дамыту департаментінің директоры Оспанов Данияр Маратұлы Моңғолия клиникаларының өкілдеріне шеберлік сабағын өткізіп, медициналық көмекті басқару мен сапасын арттырудың негізгі құралдарын көрсетті. Оспанов Д.М. сонымен қатар Парсы шығанағы мен Азия аймағы елдерін халықаралық аккредиттеу кезінде осы орталықтың атынан өкілдік ететін Канаданың халықаралық аккредиттеу жөніндегі сарапшысы болып табылады.
Моңғол Халық Республикасымен ынтымақтастық екі жылдан бері ACQH халықаралық аккредиттеу стандарттары енгізілген Моңғолия Мемлекеттік қызметшілеріне арналған Президенттік клиникадан басталды. Осы ұйымның негізінде өткен семинарға Монғол Халық Республикасының түкпір-түкпірінен 80-нен астам медициналық ұйымдардың басшылары мен өкілдері жиналды. Семинар нәтижесінде өкілдер халықаралық сертификатқа ие болды

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ