Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы «BalaJan» медицина қызметкерлерінің одағы» ҚҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында өзара оқыту арқылы екі ұйымның сарапшыларының білімі мен тәжірибесін арттыру келісіміне қол жеткізілді.

«BalaJan» қорының сарапшыларын босандыру қызметтері мен МСАК ұйымдарын аккредиттеу процесіне тарту, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаһандық ұсынымдарына негізделген «Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» бағдарламасының стандарттарын орындау бойынша медициналық ұйымдарды бағалау рәсіміне Аккредиттеу орталығының сарапшыларын тарту жоспарлануда.

 «BalaJan»  медицина қызметкерлерінің одағы» қоғамдық қоры ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің серіктесі болып табылады және көптеген жылдар бойы аналар мен олардың балаларының денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асырып келеді.

2018 жылдан бастап Аккредиттеу стандарттарында ДДҰ мен ЮНИСЕФ ұсынымдары аясында қауіпсіз босану және жаңа туған нәрестелерді емізу бойынша талаптар бар.

 

“Біз жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге және олардың отбасы мүшелеріне арналған медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларда сарапшыларымыздың тәжірибесін тарту және өзара байыту мүмкіндігіне қуаныштымыз”, – деді Аккредиттеу орталығының төрайымы, Каупбаева Ботагөз Тулеугалиевна және “BalaJan” ҚҚ президенті Курмангалиева Эльнар Амангельдиевна

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ