Денсаулық сақтау саласындағы сапаны аккредиттеу орталығы

ОҚИҒАЛАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША ВЕБИНАР

2022 жылдың 14 мамырында Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы ұлттық аккредиттеу сарапшылары мен медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін медициналық ұйымда қолайсыз оқиғалар бойынша тегін вебинар өткізді.

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, ҚД бірінші санатты дәрігері Дуйсекова Самал Байболатовна  210 адамнан тұратын аудитория алдында баяндама жасады.

Самал Байболатовна баяндамасында оқиғалар туралы есептілікті ынталандыру үшін денсаулық сақтау жүйесінде жазаланбайтын мәдениетті құруға баса назар аударды. Сондай-ақ, дәріс бөлімі аяқталғаннан кейін ол сұрақ-жауап сессиясын өткізді.

Презентациямен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.

Тәуекелдерді басқару бойынша Power point презентация