Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САПА БОЙЫНША АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

26 наурызда Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы институционалдық аккредиттеуден өтті.

Танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне кіретін Еуразиялық аккредиттеу және білім беру және денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы (ECAQA) жүргізетін қосымша білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу (үздіксіз кәсіптік дамыту) стандарттарына сәйкестігіне бағалау жүргізілді. Аккредиттеу орталығы жүргізетін сарапшыларды даярлау жөніндегі оқу бағдарламасы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) тізіліміне енгізілетін болады

Қосымша білім беруді «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020  бұйрығына сәйкес аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен ұйымдар жүзеге асырады.

Сыртқы кешенді бағалау сарапшыларын даярлау жөніндегі оқу бағдарламасы Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғаммен (бұдан әрі – ISQua) аккредиттелген. Осылайша, Аккредиттеу орталығының оқу бағдарламасы қосымша білім берудің ұлттық және халықаралық талаптарына сәйкес келеді.

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ