Денсаулық сақтау саласындағы сапаны аккредиттеу орталығы

2023 жылдың 19-21 сәуір аралығында Аккредиттеу орталығы Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының өкілдері үшін Өскемен қаласында медициналық ұйымдарды аккредиттеу тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізді.

100-ден астам тыңдаушы IV басылымдағы аккредиттеудің жаңартылған стандарттарымен және медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы негізгі рәсімдермен танысты. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында аккредиттеуге жататын 44 медициналық ұйым бар, олардың 8-і аккредиттеу мәртебесіне ие (4 мемлекеттік, 4 жеке).

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушылар Ұлттық аккредиттеу стандарттарын енгізу, іске асыру және қолдау бойынша өзекті ақпарат алды, бұл денсаулық сақтау саласындағы сапа стандарттарына бейілділік деңгейін арттыратыны сөзсіз.