Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ САРАПШЫСЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНЕН МАРАПАТ АЛДЫ

Травматолог-дәрігер, ұлттық аккредиттеу сарапшысы Ерлан Тулеев қаңтар оқиғасы кезінде азаматтардың өмірін құтқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан марапат алды.

Тулеев Ерлан Турсыналиевич ұлттық аккредиттеу сарапшысы болып табылады. Сарапшы ретінде жұмыста Ерлан Турсыналиевич кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін, әдеп нормаларын ұстануды және командада жұмыс істей білуді көрсетеді. Сондай-ақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша сарапшыны медициналық ұйымдарды аккредиттеуді онымен бірге жүргізген сарапшы әріптестері жоғары бағалады.

Қаңтар оқиғасы кезінде азаматтарды құтқару және қорғау кезінде көрсеткен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен травматолог-дәрігер Тараз қаласының көпсалалы ауруханасының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Тулеев Ерлан Турсыналиевич марапатталды.

Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде қалалық көпсалалы аурухананың дәрігерлері зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді тоқтатпағанын атап өткен жөн. Науқастар әртүрлі жарақаттармен — оқ жарақаты, жыртылған-көгерген жаралар және басқа да дене жарақаттарымен түсті. ТЖ кезінде барлығы 273 адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде 38 пациент ауруханаға жатқызылды — олардың барлығы оқ жарақатымен түсті.

Тәулік бойы дәрігерлер медициналық көмек көрсетіп, пациенттердің триажын өткізді. Ауыр жарақат алған науқастар шұғыл түрде операциялық блокқа жіберілді, орташа ауырлықтағы науқастар хирургия, травматология және нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды, жеңіл жарақат алған науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетілді және амбулаториялық емделуге үйге жіберілді. Ел үшін қиын күндерде травматология бөлімшесінің меңгерушісі Тулеев Ерлан Турсыналиевич ауыр науқастарды емдеп, тәулік бойы жұмыс істеді.

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ