2021 жылдың 8 маусымында Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ Денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша халықаралық қоғамдастықтың (ISQua IEEA, бұдан әрі – ISQua) талаптарына аккредиттеу қызметінің сәйкестігі мәселелерін талқылады.
Қазіргі уақытта Росздравнадзордың «Ұлттық сапа институты» ФМБМ аккредиттеуші орган ретінде кейіннен аккредиттеу мақсатында ISQua стандарттарын енгізуге мүдделі.
Ресей әріптестеріне барлық 3 бағдарлама (стандарттарды, оқу бағдарламасын және аккредиттеу органын аккредиттеу) бойынша ISQua талаптарына сәйкес процестерді құру және іске асыру мәселелерінде Аккредиттеу орталығы тұлғасында Қазақстанның тәжірибесі қызық болды.
Қазақстандық тарап аккредиттеу стандарттарын әзірлеу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ISQua-ның қалған бағдарламаларына сәйкес келу үшін қажетті процестер мен уақыт шеңберлері бойынша жалпы ұсынымдар берді.
Тараптар эпидемиялық жағдай тұрақталғаннан кейін тәжірибе алмасу және медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсіміне сарапшылардың өзара қатысуы мәселелеріндегі қызығушылықты растады.
Анықтама үшін: ISQua – денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ұйымдары үшін халықаралық аккредиттеу органы. ISQua аккредиттеуін Joint Commission international, Accreditation Canada, Australian Council on Healthcare Standards, Japan Council for Quality health Care және т.б. сияқты аккредиттеуші ұйымдар иеленеді.