Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығының Денсаулық сақтаудағы сапа бойынша халықаралық қоғамнан (ISQua) қайта аккредиттеуден сәтті өткендігін қуанышпен хабарлаймыз.

International Society for Quality in Health Care (ISQua) – коммерциялық емес халықаралық қауымдастық және мүшелікке негізделген ұйым, оның қызметі бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау сапасын жақсартуға бағытталған.

ISQua денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ұйымдарын аккредиттейді және әлемдегі осындай өкілеттіктері бар жалғыз ұйым болып табылады. Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша ISQua аккредиттелген аккредиттеу ұйымдарының саны 40-тан асады.

Оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы Joint Commission International (АҚШ), Аccreditation Canada (Канада), CHKS Assurance & Accreditation (Ұлыбритания) сияқты халықаралық танылған аккредиттеуші ұйымдар және басқалар.

ISQua-да үш аккредиттеу бағдарламасы бар (әр 4 жыл сайын қайта аккредиттеу)*:

  • Сыртқы бағалау ұйымдарын (аккредиттеуші ұйымдарды)аккредиттеу
    • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру стандарттарын аккредиттеу
    • Сарапшыларды даярлау бағдарламасын аккредиттеу
    2021 жылы Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы жоғарыда аталған барлық үш бағдарлама бойынша қайта аккредиттеуден өтті. ISQua сарапшыларымен қойылған бағалаулар өткен жылдармен салыстырғанда ең жоғары нәтижелерді көрсетеді:
  • Аккредиттеуші ұйымдарға қойылатын стандарттарға сәйкестік– 98%;
    • Аккредиттеу стандарттарына қойылатын стандарттарға сәйкестік – 98%;
    • Сарапшыларды даярлау бағдарламаларына қойылатын стандарттарға сәйкестік– 100%.

Бұл біздің ұйымның өз процестері мен қызметтерінің сапасын тұрақты негізде жақсартатынын және өз жұмысының бағдарын халықаралық деңгейде жүргізетіндігін көрсетеді.

ISQua аккредиттеуі Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы қолданатын стандарттар, оқыту бағдарламалары мен процестер аккредиттеу органдарына қойылатын ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетініне сенімділікті қамтамасыз етеді.


* 2019 жылдың соңынан бастап ISQua аккредиттеуін 3 қолданыстағы бағдарлама бойынша ISQua External Evaluation Association (IEEA)жүргізеді

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ