2022 жылдың 21 мамырында Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы ұлттық аккредиттеу сарапшылары мен медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған оқиғалар туралы есептер бойынша тегін вебинар өткізді.
MD, MBA, халықаралық және ұлттық аккредиттеу жөніндегі кеңесші Садырбаева Айжан Советбековна 210 адамнан тұратын аудитория алдында баяндама жасады.
Айжан Советбековна баяндамасында қызметкерлер үшін ықтимал кедергілерді түсіндіре отырып, оқиғалар туралы есептілікті арттыру бойынша әдістер мен техникаларды көрсетті. Сондай-ақ, ол сұрақ-жауап сессиясын өткізді.