Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ БОЙЫНША ВЕБИНАР

2022 жылдың 09 сәуірінде Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы ұлттық аккредиттеу сарапшылары мен медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған денсаулық сақтау ұйымдарында тәуекелдерді басқару бойынша тегін вебинар өткізді.

Іскерлік әкімшілік магистрі, JCI ұлттық және халықаралық аккредиттеу жөніндегі кеңесші Альжаксина Гаухар Бейсембаевна 300 адамнан тұратын аудитория алдында баяндама жасады. Вебинарға платформа мүмкіндік беретін тыңдаушылардың ең көп саны қатысты, бұл денсаулық сақтау қызметкерлері арасында осы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Өз баяндамасында Гаухар Бейсембаевна медициналық ұйымдардағы тәуекелдерді басқару әдістерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тиісті басқару үшін мысалдар мен құралдарды көрсетті. Дәріс бөлімі аяқталғаннан кейін сұрақ-жауап сессиясы өткізілді.

Гаухар Бейсембаевнаның  Powerpoint  презентациясымен осы жерде таныса аласыз. 

»Центр