Денсаулық сақтау саласындағы сапаны аккредиттеу орталығы

“Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-227/2020 бұйрығына сәйкес аккредиттеуден кейінгі мониторинг Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінің 25-бабының 7-тармағында көрсетілген, денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен тұлғаларға жүргізіледі.

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жоспарлы тәртіппен 3 (үш) жылда бір рет, бірақ аккредиттеу туралы куәлікті алған күннен бастап 6 (алты) айдан ерте емес жүргізіледі. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу жоспары Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуді жүзеге асыратын тиісті органның (ұйымның) сайтында орналастырылады.