Центр аккредитации по качеству в здравоохранении

обученных
0

15 years of accreditation system in Kazakhstan

[pj-news-ticker]

2022 жылғы 18-19 ақпанда Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы ұлттық аккредиттеу жүйесінің 13 жылдығына орай сыртқы кешенді бағалау сарапшылары үшін жыл сайынғы брифинг өткізді.
Брифингтің мақсаты 2021 жылдың қорытындысын шығару, медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы жетістіктері үшін марапаттау, сарапшылар арасында тәжірибе алмасу және аккредиттеудің жаңартылған стандарттарына оқыту болды
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғамның (бұдан әрі-ISQua) өкілдері сөз сөйледі. Сарапшыларға әріптестерімен тәжірибе бөлісу және брифингте спикерлер ретінде сөз сөйлеу мүмкіндігі ұсынылды.

Брифингтің екінші күні Аккредиттеу орталығы 2021 жылы ISQua қайта аккредиттеген жаңартылған аккредиттеу стандарттары бойынша оқыту жүргізді. ISQua-бұл коммерциялық емес халықаралық қауымдастық және мүшелікке негізделген ұйым, оның қызметі бүкіл әлем бойынша денсаулық сақтау сапасын жақсартуға бағытталған.

ISQua денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ұйымдарын аккредиттейді және әлемдегі осындай өкілеттіктері бар жалғыз ұйым болып табылады.

Қазақстан Республикасының аккредиттеу орталығы (заң.атауы: «Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылардың және кеңесшілердің» қоғамдық бірлестігі) ТМД аумағындағы барлық үш ISQua бағдарламасы бойынша сәйкестік сертификаттары бар жалғыз ұйым болып табылады.

СПИСОК ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЙ НА НАГРАЖДЕНИЕ