2022 жылдың 11 маусымында Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығы ұлттық аккредиттеу сарапшылары мен медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған Қазақстан Республикасының акушерлік-гинекологиялық қызметі бойынша тегін вебинар өткізді.
«Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ Басқарма төрайымы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас акушер-гинекологы, PhD, MD, MPH Мирзахметова Динара Досалыевна 240 адамнан тұратын аудитория алдында баяндама жасады.
Динара Досалыевна өз презентациясында ҚР акушерлік-гинекологиялық қызметі бойынша статистикалық деректерді келтіріп, шешілуі қажет мәселелер/міндеттер (кадр тапшылығы, ана мен перинаталдық өлім және т.б.) туралы айтты.