Денсаулық сақтау саласындағы сапаны аккредиттеу орталығы

ҚР ҰЛТТЫҚ КУРОРТТЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША СЕМИНАР

2022 жылдың 10 ақпанында Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығының төрайымы ұлттық аккредиттеу жүйесі тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық қауымдастығы өткізген семинар-кеңесте негізгі баяндамашы ретінде баяндама жасады.

Баяндамада Каупбаева Ботагоз Тулеугалиевна аккредиттеу объектінің белгіленген өлшемшарттар мен көрсеткіштерге (стандарттарға) сәйкестігін ресми растау рәсімі болып табылатындығын атап, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы медициналық көмек көрсету сапасына әсер етуі мүмкін барлық процестер мен факторларды қамтитын аккредиттеу стандарттарына егжей-тегжейлі тоқталды.

Семинар-кеңеске қатысқан санаторийлер мен оңалту орталықтарының басшылары медициналық ұйымдарды, оның ішінде санаторлық-курорттық ұйымдарды аккредиттеу туралы толық ақпарат алды. Санаторийлердің басшылары бірнеше кезеңнен тұратын аккредиттеу рәсімін жүргізудің реттілігімен танысты: құжаттарға шолу, персоналға сауалнама, трейсерлер, байқау. Сондай-ақ, аккредиттеуден кейінгі мониторинг және фокус туралы білді.

Жиналықса қатысушыларға әдістемелік нұсқаулықтар, аккредиттеудің негізгі процестері бар бейнероликтер және сапа саласындағы мамандармен тегін семинарлары бар аккредиттеуге дайындық туралы материалдармен танысу үшін интернет-ресурстар ұсынылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Курорттық қауымдастығының Басқарма төрайымы Каиргельдина Саягуль Айдаровна Ботагоз Тулеугалиевнаға алғысын білдіріп, Қазақстан санаторийлеріне медициналық оңалту саласында емдеу-сауықтыру қызметтері мен көмек көрсету сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін өз процестерін стандарттарға сәйкес келтіру қажеттігін атап өтті.