Денсаулық сақтау саласындағы сапаны аккредиттеу орталығы

2022 жылғы 26 тамызда Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі аккредиттеу орталығының төрайымы Б. Т. Каупбаева және ұлттық аккредиттеу сарапшылары                А.А. Кауышева мен Ж. К. Сагындықов «Қазақстан Республикасындағы жедел медициналық көмек қызметінің өзекті мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясында баяндама жасады. Конференция Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК 90 жылдығына орай өткізілді.

Қаупбаева Ботагоз Тулеугалиевна медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесі, денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық қоғам (ISQua), аккредиттеуші органдар үшін ISQua сертификаттау маңыздылығы және Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем станцияларын аккредиттеу туралы баяндама жасады.

Кауышева Алмагуль Амангельдиновна «Менеджерлерді даярлау: жаңа сын-қатерлер. ҮЕҰ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесі туралы», Сагандыков Жаналык Карипуллович «МСАК медициналық ұйымдарының ЖМК бригадаларының шұғылдықтың 4-санатты шақыруларына қызмет көрсету» баяндамасымен сөз сөйледі.